«Еркін пікір» ЖҚБ кубогы — 2014» үшін студенттер арасында V дәстүрлі облыстық пікірсайыс турнирі өтті!
Жамбыл облысы әкімдігініңі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 30 қараша 2014 жылы Жамбыл облыстық пікірсай одағы "Еркін пікір" ЖҚБ ұйымдастыруымен "Еркін пікір" ЖҚБ кубогы - 2014" үшін студенттер арасында V дәстүрлі облыстық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Турнир ТИГУ-нің қабырғасында өтті. Турнирге облысымыздың барлық ЖОО мен ОАОО-ның студенттері қатысып, өз бағын сынап, тәжірибе алмасып қайтты. Турнирдің мақсаты студенттердің тәжірибе алмасыу, пікірсайыс ойындарын жастар арасында насихаттау және "Еркін пікір" ЖҚБ дәстүрлі кубогын тұақты түрде дамыту болып табылады. Турнир қазақ және орыс тілдерінде өтті. Жастар төмендегідей мәселелерді (қарарлары) қарастырды:1) БП Қазақстандағы қоқыс өңдеу саласын дамыту жолдарын ұсынады;2) БП Қазақстан халқының бір тұтастығы мен ынтымақтастығы еліміздің ең басты құндылығы деп есептейді;3) БП Қазақстанның брендін ұсынады (тамақ өнеркәсібінде);4) БП "Нұрлы көш" бағдарламасын қайта жүзеге асыру қажет деп есептейді;5) БП прогресс түптің түбінде регресске әкеледі деп есептейді.Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз топтарға "Еркін пікір" ЖҚБ кубогы мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. 
