Еркін күрес бойынша жарыс
А.ж. 5 сәуірінде «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Балкашино ауылында көпшілік спорт және жастар арасында жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында аудан жастары арасында еркін күрестен «Балкашино Барысы» өтті.
Еркін күрестің қыр-сырларын Сандықтау, Балкашино, Жамбыл, Белгород ауылдық округтерінен келген спортшылар көрсетті.
Жарыста 50-ден аса спортшы өз күштерін сынады. Жарыс барысын көрген көрермендердің әсері ұмытылмастай болды. Барлық жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.

