Ерейментау ауданының кадр қызметіне әдістемелік көмек көрсетілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыстық мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыс өткізеді.
Ағымдағы жылғы 11 қазанда Департамент Ерейментау ауданының әкімі аппаратының персоналды басқару біріңғай қызметіне, сонымен қатар "Е-қызмет" біріктірілген ақпараттық жүйесінің жұмысына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс өткізді.
Іс-шара барысында кадр қызметінің қызметшілеріне мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың негізгі талаптары бойынша, конкурстық тәртіптерін өткізу, тағылымдаманы, тәлімгерлікті ұйымдастыру, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің ауыспалылық мәселелеріне ерекше назар акценттеу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шара дербес бөлімдерінің кадр жұмысшылары мен аппарат қызметкерлері, жалпы саны 30 адамға қамтылды.
