Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Министрліктің активімен кездесу барысында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің жаңа Төрағасы Ахметжан Примкуловты таныстырды.
Қ. Бозымбаев Комитеттің алдында тұрған міндеттерді атап өтті және
А. Примкуловтың білімі, тәжірибесі және ептілігі, сондай-ақ Комитет ұжымының үйлесімділігі мен кәсіпқойлығы қойылған міндеттерді уақытылы және сапалы орындауға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.
Өз кезегінде Ахметжан Примкулов министрлік басшылығының сенімін ақтау үшін бар күшін салатындығын айтты.
Ахметжан Абдижамилович 2000 жылы «экономист» мамандығы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2003 жылы «заңгер» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек қызметін прокуратура органдарында бастады, сот жүйесінде жұмыс істеген.
06.09.2012 ж. – 2014 ж. – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төраға орынбасары.
2014-2016 жж. – ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төраға орынбасары.
Соңғы атқарған қызметі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
https://www.facebook.com/minenergork/?notif_id=1510042404298686¬if_t=page_invite_accepted
