Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елордада Медицина қызметкерлері күніне орай спартакиада өтті

 

Кеше Астанада Медицина күніне орайластырылған елордалық медицина қызметкерлері арасында қалалық спартакиадасы өтті, деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласының медицина қызметкерлері арасындағы спартакиада ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың «СаламаттыҚазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жаппай спортты насихаттау, халықтың басым бөлігін жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға, жұмыс қабілеттілігін арттырып, еңбеккерлер арасында ауруды төмендеу бағытында өткізілуде»,- деп жазады Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан.

Спортты іс-шараны салтанатты түрде Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Марат Құрманов пен Астана қаласы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Б.Тәжібай ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бүгін Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионға 500-ге жуық адамнан құралған 18 команда жиналды. Қатысушылар спорттың үш түрі бойынша сайысқа түсті. Медицина қызметкерлері арқан тарту, кір тасын көтеру спорты мен эстафетадан өз күштерін сынады. Ереженің сақталуын қазылар алқасы қадағалап отырды.

Спартакиада жеңімпаздарына кубоктар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Астана қалалық денсаулық сақтау кәсіподағының қызметкерлері болып табылады.

 
0
0
358

Осы тақырып бойынша

Елордада Медицина қызметкерлері күніне орай спартакиада өтті - Yvision.kz