Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елорда әкімі есеп берді

Астана туралы көп айтуға болады. Бұл шаһар елдің басты экономикалық драйвері, негізгі нүктесіне айналды. Алайда, бұл қаланың да өз проблемасы, мәселелері бар. Шаһар басшысы Ә. Исекешевті қабылдаған Елбасы Астана туралы, қаланың бүгіні мен болашағы туралы біраз талқылаулар жасады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

Шаһардағы құқықтық тәртіп, инфрақұрылымды жақсарту, Астананы дамытуға қатысты басқа да бағдарламалар мен жобалардың орындалуы барысы т.с.с. мәселелер талқыланды.

Мұқым ел қазір Астана жаққа ауып барады. Екінің бірі жақсы қала, жайлы мекенде тұрғысы келеді. Сондықтан, қаладағы балабақша мен мектептердің кезегін қайта қарап, тәртіптік жүйелерін қайта қарау керек. Мемлекет басшысы солай дейді.

Астана қаласының әкімі Қазақстан Президентіне елорданы дамытудың бірқатар экономикалық индикаторлары өскенін айтты, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүруінің орташа ұзақтығы 75 жасқа жеткенін атап өтіп, әлеуметтік сала оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Ә.Исекешев Елбасыға аналар өлімі және өкпе ауруы деңгейінің төмендегенін айтты.

Сонымен бірге Астана қаласының әкімі «Талдыкөл» ағын су жинақтаушысы орналасқан жердің құнарлығын қалпына келтіру, жауын су ағатын кәріз жүйесін және жол-көлік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған шаралардың нәтижелерін оң бағалап, елорданы дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

   
0
0
371

Осы тақырып бойынша

Елорда әкімі есеп берді - Yvision.kz