Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақпан айынан бастап теңгедегі салымдардың проценттік мөлшерлемесін арттырды http://q99.it/HL0LeFp

Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақпан айынан бастап теңгедегі салымдардың проценттік мөлшерлемесін арттырды. Дегенмен де ел азаматтарының басым бөлігі өз депозиттерін шетелдік валютада сақтауда. Доллар ықпалының неліктен сейілмей тұрғандығын тілшіміз біліп көрді.   Доллардың ықпалынан құтылу мақсатында Қазақстандағы банктер нақты қадамдарға барды. Ақпан айынан бастап теңгедегі депозиттердің проценттік мөлшерлемесі 10-нан 14 процентке дейін өсті. Кейбір банктер клиенттерін арттыру мақсатында 15 процентке дейінгі үстемақыны ұсынды. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгеріс долларға жасалған үлкен соққы болды. Алайда, қазақстандықтардың көбі әлі күнге шейін өз салымдарын шетелдік валютада ұстап отыр. Осы орайда біз де павлодарлықтардың арасында сауалнама жүргізіп, олардың өз депозиттерін қандай валюта сақтайтындығын біліп көрдік. Сауалнамаға сәйкес, ел азаматтарының бұл мәселеге келгенде пікірі екіге бөлінетінін байқадық. Сарапшылар бұның себебін қазақстанда орын алған соңғы девальвациялардың әсерімен түсіндіреді. Теңгенің бірнеше рет құқнсыздануы адамдарда психологиялық қорқыныш тудырды дейді олар. Сондықтан теңгеге деген снеімді нығайту үшін де біраз уақыт қажет. Енді сандерекке қарасақ. Банктердің бізге берген дерегіне сүйенсек, ел азаматтарының доллардағы салымдарының үлес салмағы әлі де басым. 2015 жылдың желтоқсанында теңгелік салымдардың жалпы үлес салмағы 31 процент болса, 2016 жылдың қаңтарында ол 30 процентке дейін төмендеген. Мамандардың айтунша, бұл уақытша құбылыс. Егер Ұлттық банк бұл саясатты жалғастыратын болса, теңгелік салымдардың саны арта түседі дейді олар. Дегенмен де еліміздің бас банкирінің өзі қазақстандықтарға депозиттерді екі валютада теңдей ұстауға кеңес берді.

7
0
330

Осы тақырып бойынша

Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақпан айынан бастап теңгедегі салымдардың проценттік мөлшерлемесін арттырды http://q99.it/HL0LeFp - Yvision.kz