Елімізде сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды.
Басқосуға ауданымыздағы партия белсенділері, партияның сенім білдірген мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосу барысында аудандық «Nur Otan» партия филиалының штаб жетекшісі Қ.Досмаилов қатысушыларға аталмыш сайлаудың ерекшеліктерін атап өтіп, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу ретімен, заңдылықтарымен толықтай таныстырып өтті. Сондай-ақ сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының маңызды бір бөлігі ретінде партияның сайлауалды штабтарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысының маңыздылығына баса назар аударды.
