«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының №3 бөлімінде «Электронды үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында тұтынушылар мен қызметкерлер арасында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Отырыста «Электронды үкімет» веб-порталының мүмкіндіктері түсіндірілді. Оның ішінде Коммуналдық қызмет түрлеріне, айыппұлдарды, түрлі салықтарды және ұялы байланыс нөмірлеріне бірліктер аударулару мүмкіндіктері қозғалды. Тұтынушылар өздері аталмыш қызмет түрлерін пайдаланып көріп, оның жылдамдығына шексіз алғысын білдірді.ХҚКО-ның барлық бөлімдерінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету орындары» орталастырылған. Ол үйінде жеке комьпютері немесе интернет желілері болмаған жағдайда, аталмыш орында қалағанынша мемлекеттік қызметтерді еркін пайдалануға жол ашатындығын атап өтті. «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының №3 бөлімі