Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Электронды үкімет» порталы біріңғай 1414 CALL- орталығы «Өзіне өзі қызмет көрсету орталығы»туралы ақпараттық мақала

Жұртшылыққа қолайлы болу үшін республиканың ХҚКО-тарында өзіне-өзі қызмет көрсету, атап айтқанда «Connection Point» алаңдары жұмыс жасай бастады. Онда қазақстандықтар, операторды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалана алатын болады.

«Бұл учаскелерде кеңесшілер жұмыс жасайды. Олар азамат мемлекеттік қызметті алғаш рет пайдалана бастаса, оған міндетті түрде кеңес беру арқылы көмектеседі»

www.egov.kz электрондық үкімет порталының «Connection Point» секторларынан азаматтардың ең жиі пайдаланатын қызмет түрлері – қозғалмайтын мүліктерінің бар/жоқтығы туралы анықтамалар, мекенжай жөніндегі анықтамалар, зейнетақылардың аударымы туралы анықтамалар және т.б. екендігін атаған жөн. Сонымен бірге кеңесшілер мемлекеттік баж, салық, жол қозғалысын бұзғандығы үшін айыппұл ақысын қалай төлеуге болатындығын түсіндіріп береді. Connection ХҚКО құрудың көмегімен тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту жүргізіледі, азаматтар e-gov бұрышы маманының кәсіби кеңесін алғаннан кейін алдағы уақытта үйлерінде отырып, өз компьютерлері арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтінім ресімдей алады.Түсінбеген сұрақтар бойынша  1414  CALL орталықынан тегін кеңес алуға болады.

 
0
0
1169

Осы тақырып бойынша