Электронды цифорлық қолтаңба алу тәртібі және оның мүмкіншіліктері
2015 жылы қазақстандықтар электрондық цифрлық қолтаңбаны SIM-картаның көмегімен пайдаланатын болады. «Мобильді қолтаңба» электрондық қызметтер мен сервистерді ұялы телефонның кез-келген моделі арқылы алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта 2012 жылдан бері файл түрінде жеке куәлікке жазыла бастаған электрондық цифрлық қолтаңбаны egov.kz порталына кіру барысында компьютер, ноутбук, планшет және смартфон арқылы қ- Бүгінгі күні азаматтар ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауларына өз өтінімдерін жолдап, анықтамалар алуда. Түрлі қызметтер мен рұқсаттарды алуға өтініш беріп, тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркеуге тұрып, тіркеуден шығуда. Ал, заңды тұлғалар болса ЭЦҚ көмегімен Интернет арқылы билік құрылымдарымен, түрлі мекемелермен Қазақстанның кез-келген аймағындағы серіктестерімен онлайн режимінде әріптестік орнатып, кәсіптерін кеңейте түсуде.
