«Елбасының көшбасшылық жолы»
ZOOM платформасында «Jas Otan» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Ержан Хамитов «Елбасының көшбасшылық жолы» тақырыбында жастармен кездесті.
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның дамуы жолында жасаған еңбегі ерен. Осыдан 30 жыл бұрын бүкіл халық бірауыздан қолдап, дауыс беру нәтижесінде Елбасы Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып сайланады. Сол кезеңдердің қандай ауыр, күрделі шақ болғанын үлкен кісілер арқылы көп естіп, біліп жүрміз. Оған дәлел: өткен ғасырдың аяғында еліміздің аумағында 130 кәсіпорынның жұмыс істеу қарқыны бір орында тоқтап қалып, 2 млн адам жұмыссыз қалған сәттерде көрші елдердің нарықтағы бағаны еркін айналымға жіберуінің әсерінен халық жағдайының мүлдем қиындап кеткені. Тұңғыш Президентіміз сондай уақытта қазақ елінің өзіне артқан үмітін ақтай білді, сеніміне сызат түсірмеді.
Баршаңызды келе жатқан айтулы мереке 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
ПОСТ С ФБ


