«Ел бірлігі – ел теңдігі»
«Ел бірлігі – ел теңдігі»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» - деп жарияланды.

Осыған орай Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарамасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» облыстық танымды шара өткізді.

Республика бойынша Павлодар облысы бірінші болып ұйымдастырды. Бірлікке ұмтылатын жастардың көңіл – күйлері тамаша болды. Ендігі кезек Астана және Қарағанды қалаларында. Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері сөз сөйледі. Түрлі ойындар ойнатылып, ұлт – өкілдерінің билері биленді, әуезді әндер шырқалды. Ұлттық бірлікті басты орынға қоятын біздің мемлекет әр халықтың құқықтары сақталып, әр ұлт өзінің салт – дәстүрін, тілін сақтап, ұмытпау үшін мемлекетіміз халыққа жақсы көмек көрсетуде. Тәуелсіздік тұғырлы ал бейбітшілігіміз мәңгі болғай!
