Екі тілдегі жазбалар - Записи на двух языках.
Менің жеке блогымдағы жазбаларда екі тілде жазбалар жарияланып жүргеніне кейбір оқырмандар тарапынан түсінбестік болғанын байқадым. Сол оқырмандардың тікелей айтуға немесе осы тақырыпқа жазба арнауға уақыты болмай жүрген болу керек деп ойлаймын. Интернетте неге екі тілде жазбалар жариялап жүргенім туралы жазуды жөн көрдім.
Блог жазбаларын бастаған уақытымда тек қана қазақша жазбалар жариялауға ниеттеніп, қазақша жазуға бастадым. Уақыт өте келе, блогтағы жазбаларды оқитындарға екі тілде жазылған жазбалардың қызықты, маңызды болғанына көз жеткіздім. Тіпті, жеке өзіме емес, кейбір оқырмандарға қазақша, кейбіріне ресми тілдегі жазбамен айтқаныңды жеткізу тиімді әдіс екенін тәжірибе дәлелдеді. Әрі күнделікті өмірде көпшілігіміздің екі тілде сөйлеп жүргеніміз белгілі жағдай.
Қазіргі уақытта саясаткерлердің көпшілігінің екі тілдегі жазбаларына куәгер болып жүрмін. Қазақ Интернетіндегі танымал сайттардың бірі Абай.КЗ порталының да ресми тілде жазбалар жариялап жүргендерін байқадым.
Менің жеке ойымша: Блогшының немесе қазіргі БАҚ туралы заңға сәйкес интернет ресурсқа жазба жариялаған журналист-тілшінің басты ұстанымы төмендегідей болуы керек:
- Жазбаның оқырманға түсінікті, ынғайлы, оқуға жеңіл болуы.
- Оқырман оқитын тілде жазбалар жариялау.
- Оқырман пікірімен санасып, оқырманның тілегіне назар аудару.
Қостілділік туралы туындаған пікірлерім осындай. Осы жазба туралы оқырмандар өз жеке пікірін білдірсе өте қуаныштымын.
Пы-Сы. Р.S. : Екі тілдегі жазбаларды екі тілдегі жыланға теңеген оқырманға жеке алғысымды білдіремін. Нақты кім екені белгісіз, жасырын жазғаны үшін атын атауға мүмкіндік болмай тұр. Осы алғысыма екі тілде жазба жариялап жүргендер де қосылады деп ойлаймын. Мысалы: Абай.КЗ және Өрімтал және т. б.
Уважаемые пользователи, кто читает Интернет на русском языке. Пост написан на казахском языке, но есть важные моменты для русскоязычных пользователей. Написал о своем личном мнении о ведении блога на двух языках. Прошу прочитать и написать свое мнение. Комментарий можно писать на любом языке.
