Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«E.gov — жарқын болашақ үшін!» атты кездесу өтті

"ХҚКО" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалының мәжіліс залында "E.gov - жарқын болашақ үшін!" тақырыбында облыстық үкіметтік емес ұйым көшбасшыларымен кездесу өткізілді.

Кездесуге "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық және Тараз қалалық филиалы "Жас Отан" Жастар қанатының Атқарушы хатшылары, облыстық үкіметтік емес ұйым көшбасшылары, облыстық және қалалық "Жастар орталықтарының" бөлім жетекшілері және студент жастар қатысты.

Іс-шара барысында "Электронды үкімет" веб-порталын облыс тұрғындарына насихаттау мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру, жастар арасында кел көлемде пайдаланы көлемін арттыу, насихаттаудың тиімді жолдарын қарастыу мәселелері қаралды. Кездесу барысында түрлі пікірлер мен ойлар ортаға салынды. Қорытындысы бойынша "ХҚКО" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы мен "Жаңа-Ру" жастар коалициясы бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру туралы келісімге келді.

   
0
0
1350

Осы тақырып бойынша

«E.gov — жарқын болашақ үшін!» атты кездесу өтті - Yvision.kz