Еңбекшілдер ауданының кадр қызметіне әдістемелік көмек көрсетілді
Департамент облыстық мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыс өткізеді.
Ағымдағы жылғы 13 қарашада Департамент Еңбекшілдер ауданының әкімі аппаратының персоналды басқару біріңғай қызметіне, сонымен қатар "Е-қызмет" біріктірілген ақпараттық жүйесінің жұмысына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс өткізді.
Іс-шара барысында кадр қызметінің қызметшілеріне мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың негізгі талаптары бойынша, конкурстық тәртіптерін өткізу, тағылымдаманы, тәлімгерлікті ұйымдастыру, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің ауыспалылық мәселелеріне ерекше назар акценттеу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға дербес бөлімдердің кадр жұмысшылары мен аппарат қызметкерлері, жалпы саны 62 адам қатысты.
