Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еңбек ұжымдарының форумы

Қаламыздағы  «Астана» мұз сарайында Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен  еңбек ұжымдарының форумы өтті. Еңбек ұжымдарының төрт мың өкілі алдында Елбасы Қазақстан бойынша Павлодар облысы инновация және индустриализация саласында алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Форумға еңбек ұжымдарымен қатар, жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

Елбасы өз сөзіңде:

- Құрметті павлодарлықтар, мен бұл өңірге үнемі қуанышпен келемін, - деді Елбасы. – Мұнда өмірдің қызу қайнап жатқанын және біздің жоспарлардың қалай жүзеге асырылып жатқанын өз көзіңмен көруге болады. Оған аймақтағы экономикалық көрсеткіштер дәлел бола алады. Облыс сыртқы инвестициялар көлемі бойынша көшбасшылар қатарына кіреді және 108,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорындар бұған дейін Қазақстанда шығарылмаған өнімдердің жаңа түрлерін өндіруді игерген. Бұл – катодты жез, қыздырылған кокс және т.б. Металлургиялық кен өндіру саласында мыс кенін өндіруді үш есеге арттыру мүмкіндігіне ие болдық. Жалпы, өнімді экспорттау көлемі жүз миллиард теңгеден асты. Индустриаландыру картасының екінші бесжылдығында тағы бес жаңа өнеркәсіптік нысан іске қосылды. Қыздырылған мұнай коксын шығаратын ірі Бозшакөл кен-байыту комбинаты іске қосылды. Жалпы инвестициясы 800 миллиард теңгені құрайтын индустриализация картасы аясында 20 жоба жүзеге асырылды.

Сондай-ақ форумда қазақ эстрада әншілері Маржан Арапбаева, «Алаш ұлы», «Азия» тобы қатысып, жиналған қауымға керемет әсер қалдырды. Қазақстан Республикасының Президентімен өткен бұл кездесуде әр қатысушы ерекше әсер алғандыры сөзсіз.

Елбасы сөзі pavlodarnews.kz сайтынан алынды.

 
1
0
534

Осы тақырып бойынша