Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Еңбек түбі – зейнет»

Әрбір азамат жылдар бойы еңбектеніп оның рахатын көруді армандайтыны белгілі. Әсіресе зейнетке шығуға аз қалған жандарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жиі толғандыратыны анық. Бүгінгі таңдап алып отырған тақырыбымыз - Мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындау қызметі жөнінде болмақ. Алдымен бұл қай жастан бастап тағайындалатынына тоқталсақ.
- Әйел адамдар үшін 58 жастан
- Ер адамдарға 63 жас толғанда
- Көп балалы аналарға, 5 баладан жоғары 53 жастан
Сонымен қатар бұл қызметті қалай алуға болады деген сауал көпшілікті мазалайтыны сөзсіз. Ол жайында сіздерге төменде баяндайтын боламыз. 
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау - ХҚКО арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат
3) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат
4) зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;
5) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат; 
6) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат.
Қызмет (ҚР азаматтарына) құны тегін және 10 жұмыс күнде көрсетіледі. ЭЦҚ-сы болған жағдайда, бұл қызметті www.egov.kzпорталы арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар. 
Қосымша сұрақтарыңыз болса сіз кез келген халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе 1414 нөмірі бойынша тегін кеңес ала аласыз.

 
0
0
9432

Осы тақырып бойынша

«Еңбек түбі – зейнет» - Yvision.kz