Еңбек нарығында әр адам кәсіпкер сияқты ойлануы керек – Альтаев
Кездесу барысында Нұржан Әлтаев Қазақстанда цифрландыру кезеңінде талап етілетін мамандықтар туралы әңгімелеп берді.
Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлік Бектұров және ҚР Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіби білім департаментінің директоры Насимжан Оспанова қатысты.
Вице-министр студенттердің назарын еңбек нарығына әсер ететін негізгі әлемдік үрдістерге: цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу, демографиялық және бизнес-ортаны өзгертуге аударды. Жаңа технологиялар кәсіптер мен талаптарды түбегейлі өзгертеді. Өндірістік үдерістердің үштен бір бөлігі 2035 жылға қарай автоматтандырылады деп болжануда.
Сондай-ақ, 2035 жылға дейін туризм, білім беру, көтерме және бөлшек сауда, көлік және логистика секілді салаларда 932 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Сонымен бірге өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салаларында, керісінше, шамамен 441 мың жұмыс орны босатылады деп күтілуде.
Маркетологтар, сату, дамыту және қызмет көрсету мамандары, инженерлер және технология саласындағы кез-келген кәсіби мамандар өте қажет болады.
