Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дзюдодан әлем додасының бірінші күні қазақстандық әскери қызметшілер 3 медаль иеленді

Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты жеке сайыстарының бірінші күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын тізе бүктірген АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Елдос Жұмақанов алтын медальді жеңіп алды. 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Мейірлан Баймаханбетов күміс медальді иеленді. Әйелдер арасында 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қызметкер Олеся Куценко қола жүлдені жеңіп алды.

АОСК өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда белгіленген төменгі меже бағындырылды: медальдар жинағына қол жеткізілді. Бүгін 73, 81 кг дейінгі салмақ дәрежелеріндегі белдесулер өтуде.Барлығы чепионатқа 28 елден араларында әлемнің мықты дзюдошылары бар 200-ден астам спортшы қатысуда. Чемпионат 5 шілдеде аяқталады. Осы күні чемпионат қорытындысы жасалып, жүлдегерлердің есімі жарияланады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
246

Осы тақырып бойынша

Дзюдодан әлем додасының бірінші күні қазақстандық әскери қызметшілер 3 медаль иеленді - Yvision.kz