Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қ.Досмаилов Медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап қайтты.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов Медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап қайтты.

Жаркент қалалық көпсалалы аурухана ұжымының қызметкерлерімен кездесіп, мерекелік құттықтауын арнап, бірнеше дәрігерлер мен медбикелерге Алғыс хаттын тарту етті.

Бүгінгі күні ел азаматтарының денсаулығын жақсарту, өмір сапасын арттыру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып отыр.

Осы мақсатта, елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.

Соның ішінде, медицина саласы мамандарының еселі еңбектері ұшан-теңіз. Адам саулығын күзетіп, ажалдан арашалаушы Сіздердей абзал жандарды халқымыз ежелден қастерлеп, құрмет тұтқан.

COVID-19 пандемиясы кезінде жұқпалы аурулар ауруханасында, провизорлық стационарда, жедел медициналық жәрдем станциялары мен барлық денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлері бастарын қатерге тігіп, шексіз патриоттық сезім мен жоғары жауапкершіліктің, кәсіби біліктіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Осы орайда, құрметті медицина қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге айрықша алғысымызды білдіреміз.

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт және жаңа табыстар тілеймін.

0
0
186

Осы тақырып бойынша