"Диана" медициналық колледжінің қызметкерлерімен "Ақ халатты абзал жан" тақырыбында кездесу өтті.
Өңірдегі "Диана" медициналық колледжінің қызметкерлерімен "Ақ халатты абзал жан" тақырыбында кездесу өтті. Жастардың ұйымдастыруымен өткен басқосуда адам жанының арашасы атанатын үздік мамандарды дайындау жолында елеулі еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге деген құрмет қашанда жоғары екендігін айтып, партияның алдағы уақытта ұстаздар қауымы мен медицина қызметкерлеріне көрсететін қолдауы жоғары болатындығы айтылды. Білім сапасын жақсарту мақсатында ұрпаққа сапалы тәрбие мен саналы тәрбие беру үшін ұстардар әлеуетін көтеруге атсалысу партия назарынан шет қалмайтындығы да тілге тиек етілді
