«Депутатқа сауал қой»
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихатының депутаты Мұқатай Медет Әкімжанұлы 13.09.2021 күні «Депутатқа сауал қой» айдары бойынша әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфир өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Эфир барысында партия тарапынан атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған жұмыстар жөнінде тоқталып өтті. Онлайн-қабылдау сипатындағы эфирде тұрғындар көкейкесті мәселелерімен бөлісті.
