"Депутатқа сауал қой"
"Депутатқа сауал қой"
"Nur Otan" партиясының Панфилов аудандық мәслихат депутаты Бегімбекова Ұлдана Қуандыққызы 2021 жылдың 19 мамыр күні жоспарға сәйкес әлеуметтік желіде «Депутатқа сауал қой» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Эфир барысында партия тарапынан атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған жұмыстар жөнінде, соның ішінде жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін көмектер туралы мәселелер қаралды. Панфилов ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру Жол картасы, «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы жанындағы консультативтік-кеңесші органдары жөнінде ақпарат беріп, желі қолданушылар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға толыққанды жауап берілді
