Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

2016 жылғы 13 cәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.

Ақкөл  ауданы Новорыбинский ауылдық округінің әкімі Қ.С. Бапишевке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол шарттың талаптарын бұзып, «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қараөзек ауылындағы су құбырының жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу бойынша нақты орындалмаған жұмыстарға толық төлемді іске асырды, осының нәтижесінде, кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кәсіпкерлік субъектілеріне құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен.

Ақкөл  ауданы Урюпинский ауылдық округінің әкімі Ж.А. Салыбековке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және                              5) тармақшаларының талаптарын бұзып, жеңіл автокөлік сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда «БИПЭК Авто» ЖШС-ға  құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен.

«Ақкөл ауданының білім  бөлімі» ММ-нің басшысы Е.Ж. Қайыржановқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларының талаптарын бұзып, ЖК Г.В. Воронектің, Н.Г. Калашникованың, Г.Н. Әкімбаеваның, А.К. Ксеубаеваның, «Қазақтелеком» АҚ-ның пайдасына,  аталған кәсіпкерлік субъектілерінің коммуналдық қызметтерді  заңсыз төлеуінде көрініс тапқан кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кәсіпкерлік субъектілеріне құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес, қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасы жөнінде «Ақмола облысы әкімінің аппараты»  ММ-нің мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы Д.Ғ. Жұмабектің,  Жақсы ауданының әкімі Қ.О. Сүйіндіковтың, «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басшысы Г.Е. Құлышеваның есептері тыңдалды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Қ.С. Бапишевті, Ж.А. Салыбековті, Е.Ж. Қайыржановты «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

   

0
0
298

Осы тақырып бойынша

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті - Yvision.kz