Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өтті
Ағымдағы жылдың 8 тамызы күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Т.Т. Қаскиннің төрағалығымен Астана қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өтті.
Кеңесте Астана қаласының Әділет және Мемлекеттік кірістері департаменттерінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыс қорытындылары қаралды.
Сондай-ақ, тәртіптік істерді қарау нәтижесінде Кеңеспен, қабылданған шешімдердің заңдылығы және негізділігі қағидаттарының сақталуы бойынша ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын бұзғаны және тиісті ведомстволық бақылаудың болмағандығы үшін Астана қаласының көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б.Д. Дабыл, басшының орынбасары Т.Е. Есенгелді және бас маман Е.Н.Клышпаевты «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тарту ұсынылды.
