Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы

Департамент госслужбы

2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы                Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда «ҚР АШМ Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» ММ-нің басшысы А.Х. Дарбаевтың қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы есебі тыңдалды.

Одан басқа, Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі   Қ.А. Ахмадияровқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол жеке үй құрылысына жер учаскесін беру тәртібін бұзған; «Еңбекшілдер ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы В.Ф. Лебедевке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол орындалған жұмыстарды қабылдау жөнінде шешім әзірлеу мен қабылдау кезінде «Таир» ЖШС-не заңсыз артықшылық көрсетіп, кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға бюджеттік қаражатын аудару арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жәрдем көрсетті; «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) ММ басшысының орынбасары Д.С. Баймұсынов пен Басқарманың бас маманы А.Б. Сұрағановқа қатысты тәртіптік істер қаралды, олар Есіл ауданы «Жаңа Жер Агрофирмасы» ЖШС қызметкерлерінің өтініштерін шала қарап, оның нәтижелері бойынша дәлелденбеген және үстірт жауабын берген, бұл шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткендерін дәлелдейді; Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.Н. Әбутәліповке, «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы Ж.Е. Әбіловке, «Целиноград ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің басшысы Т.Қ. Болсамбековке, «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы А.А. Нұртазинге, «Целиноград ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің басшысы А.Н. Рашитоваға, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы А.Н. Салыбековаға, «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің бас маманы Р.А. Көлбаевқа қатысты тәртіптік істер қаралды, олар аумақтарды дамыту бағдарламасына кейбір өтініш берушілерді енгізіп, басқа өтініш берушілердің өтініштерінен бас тартып, шешімдерді дайындау мен қабылдау  кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыймсыз қолдау көрсетіп, жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасаған.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссияларының қызметіне талдау қорытындылары қаралды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдарды қабылдады.

0
0
457

Осы тақырып бойынша

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы - Yvision.kz