ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы

2017 жылғы 4 сәуірде Департамент басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Қ. А. Жапақовтың қатысуымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда Еңбекшілдер ауданының әкімі А.М. Кииковтың, «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшысының м.а. Д.К. Сагитовтың, «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басшысы Г.Е. Құлышеваның қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, демалыс күндері қызметтік көлікті тиісті түрде қолданбай Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын бұзған Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Ж.К. Шахпутоваға қатысты тәртіптік іс қаралады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысының м.а. А.Ж. Айтбаевқа және бөлімінің бас маманы А.Т. Нуртазинге қатысты тәртіптік істер қаралды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдарды қабылдады.

Департамент госслужбы