ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әдеп кодексінің негізгі аспектілері және әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі

Ү.ж. 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ә.Ә. Жанзақова Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтының офицерлер құрамымен кездесті.

Іс-шара барысында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің бұзушылықтарына жол бермеу және оларды тыю аясында мемлекет тарапынан жүргізілетін саясаттың негізгі мәселелері жеткізіліп, мұндай фактілер болған жағдайда азаматтардың құқықтары мен міндеттері нақтылап түсіндірілді.

Бұл шара бүгінде әдеп нормаларын сақтау мәселелердің өзектілігін көрсетті. Сондықтан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жұмысы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау аясында жалғасуда.