Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Одан басқа, Әдеп кодексінің 5-тармағының 2), 7), 14) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер адал, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) беделін қаралайтын фотосүреттерін, бейне және басқа материалдарын көңіл ашатын мекемелерінде және шетелдік демалыс орындарда, қымбат көліктің жанында қымбат зергерлік бұйымдарын және молшылықтың өзге де заттарын көрсетіп, жариялау мәніне әлеуметтік желідегі мемлекеттік қызметшілердің аккаунтарына үнемі түрде талдау жүргізілуде.

Талдау барысында анықталғандай, бір қатар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі аккаунтарында беделін түсіретін материалдар орналасқан, олар қоғам тарапынан сын туғызды.

Мәселен, мемлекеттік қызметші әлеуметтік желідегі өз парағында алкоголдік ішімдікті көрсетіп, Әдеп кодексінің 5-тармағының 7) тармақшасын бұзды, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс.

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілер тарапынан қару мен зорлықты айқын көрсеткен жарияланымдар бар.

Мемлекеттік қызметшілер көңіл ашатын мекемелерінде әдепсіз мінез-құлық көрсеткен мемлекеттік қызметшілердің фотосүреттері жарияланған фактілер орын алып, шетелдік демалыс орындардан және қымбат автокөліктің жанында фотосүрет жарияланған фактілер анықталған, сонда Әдеп кодексінің 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға тиіс.

Одан басқа, әлеуметтік желілердегі парағында мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болмаған фактілер айқындалды.

Талдау нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолданылған.

Әлия Жанзақова Ақмола облысы бойынша МҚжСЖҚІҚД мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы

Департамент госслужбы

0
0
1318

Осы тақырып бойынша

Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті - Yvision.kz