Денсаулық сақтау жүйесіндегі жемқорлық
А.ж. 6 сәуірде орталық аудандық ауруханада «Жемқорлық денсаулық сақтау жүйесінде» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Қатысушылар - орталық аурухананың медбикелері мен дәрігерлері.
Аурухананың бас дәрігері З.Шаубаевтың айтуынша жемқорлық денсаулық сақтау жүйесінде, халықтың сенімін жояды. Өмір мен денсаулыққа қатер төнгенде, адамның сана сезімінде медициналық қызметкер – соңғы үміт беретін адам.
Кездесу соңында қатысушыларға тақырыптық парақшалар таратылды және жемқорлыққа қатысты бейнеролик көрсетілді.

