Демография және төрт «Д»

Ілгеріде біреуден: «Үйлену деген не?» - деп сұраған екен. Сонда әлгі: «Үйлену деген - өз қара басыңнан артылмай жүрген проблемаларды ерікті түрде екі есе көбейтіп алу!» - депті. Күлуге де жақсы болғанымен, астарында көңілді күпті ететін сан түрлі ойлар қылаң береді. Көп әйел алу немесе кәрі қыз атану былай тұрсын, демографтар мен сарапшылар қазіргі күні он екі мүшесі сау, келбетті әрі тұрмыс жағдайы ешкімнен кем емес, соған қарамастан, сүр бойдақ болып жүрген қазақ жігіттері де аз емес деген мәлімет береді. Мүмкін олар жоғарыда айтылғандай, «бастағы проблемаларды ерікті түрде екі есе көбейткісі» келмей жүргендер шығар.
