Әдеби бағдарлама: Қасым кітапханасы сериясының кітаптар топтамасы
Сіздердің назарларыңызға Қарағанды қаласының «Қасым баспа үйінен» шығарылған Қасым кітапханасы топтамасын ұсынатын боламыз. Бұл кітаптардың ерекшелігі бір кітап 1 шығармадан тұрады. Жалпы қалтаға, шағын сөмкеге салып жүруге өте ыңғайлы. Біздің кітапханамызға Б. Соқпақбаевтың, А Сүлейменовтің, Д. Исабековтің, Б. Момышұлының танымал шығармалары келіп түсті. Сондай-ақ, танымал әлем жазушыларының шығармаларының аудармалары да бар. Мысалы, Ш. Айтматов, Л. Толстой, И. Тургеновтің шығармалары. Қазақ тілді оқырмандар үшін әлем әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен танысуға үлкен мүмкіндік. Кітапханаға келіп, тасыңыздар, оқыңыздар.
