"Дәрігерлерді ардақтайық"
Панфилов аудандық мәслихат депутаты Сакиова Ризван Абдуликимовна Панфилов аудандық ''Nur Otan'' партиясы филиалының ұйымдастыруымен өткен "Дәрігерлерді ардақтайық" жобасы аясында Панфилов аудандық көпсалалы ауруханасының білікті дәрігері Жумабекова Айида Сейтовнаны ''Nur Otan'' партиясының алғыс хатымен құттықтап, ақ халатты абзал жанға қажымас қайрат, талмас қанат, еңбегіне табыс, отбасына амандық тілеп, дәрумендер жиынтығын сыйға тарту етті.
