"Дәрігерлерді ардақтайық"
Панфилов аудандық мәслихатының депутаты Иманханов Қуат Маметаевич Панфилов аудандық ''Nur Otan'' партиясы филиалының ұйымдастыруымен өткен "Дәрігерлерді ардақтайық" жобасы аясында Панфилов аудандық көпсалалы ауруханасының дәрігері рентгенолог Үсенов Талғат Нұрахметұлын ''Nur Otan'' партиясының алғыс хатымен құттықтап, ақ халатты абзал жанға қажымас қайрат, талмас қанат, еңбегіне табыс, отбасына амандық тілеп, дәрумендер жиынтығын сыйға тарту етті.
