"Дәрігерлерді ардақтайық"
2021 жылдың 30 сәуір күні Панфилов аудандық мәслихатының депутаты Дарубаева Айгуль Жұмағұлқызы Панфилов аудандық ''Nur Otan'' партиясы филиалының ұйымдастыруымен өткен "Дәрігерлерді ардақтайық" жобасы аясында Головацкий дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Ботымбаева Алия Қайратқызын ''Nur Otan'' партиясының алғыс хатымен құттықтап, ақ халатты абзал жандарға қажымас қайрат, талмас қанат, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілеп, дәрумендер жиынтығын сыйға тарту етті.
