Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Connection Point» табысты қызмет атқаруда!

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының барлық бөлімдерінде «Connection Point» табысты қызмет атқаруда. Келушілер өздері кезекті күтпей, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында қажетті қызметті ала алады. Әрине, қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, клиентке «e-gov» бұрышының кеңесшісі көмекке келеді. Порталдың барлық қызметін толық құқылы қолдану үшін, ЭСҚ-қа тапсырыс беру қажет. «Connection Point» бұрышынан басқа тұрғындарға жайлы және ыңғайлы қызмет көрсету үшін реттеу залында «Wi-Fi» аймағы орнатылған. Ыңғайлы жерде отырып монитордың алдында ХҚКО клиенті өз ықтиарымен өтінім жасай алады, мысалы, өзінде екінші деңгейдегі банкке төлем жасау карточкасы болған кезде ЖШС рәсімдей алады. Келушілерге ақпарат беретін көмекшілер күту залындағы үстелдерде жатқан буклеттер болып табылады. «Connection Point» ХҚКО құрудың көмегімен азаматтар e-gov бұрышы маманының кәсіби кеңесін алғаннан кейін алдағы уақытта үйде отырып, дербес компьютерлері арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтінімді рәсімдей алады.

 
2
0
359

Осы тақырып бойынша

«Connection Point» табысты қызмет атқаруда! - Yvision.kz