«Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі» атауымен кездесу өтті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі атты Қазақстан Халқына Жолдауындағы «Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі» бағытына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы КРЭК АҚ-ның ұжымымен кездесу өткізді.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ ұжымымен кездесу барысында цифрлық бағыттағы тапсырманы орындау турасындағы жұмыстар айтылды. Сондай-ақ, негізі қалағаннан қолданыста болған құндылықтар сақталған ғимараттағы мұражайды да аралады.
Бүгінде бұл акционерлік қоғам қала тұрғындары үшін заман талабына сай жаңарған бағытта қызмет көрсетуде. Мекеменің техникалық жабдықтары электронды форматқа көшірілу негізінде жұмыс істеуде.
Айта кетейік, электр торабы басқармасының меншігінде 27 дана 10 кВ орталық тарату пункті 515,51 шақырым 10 кВ жер асты кабель желісі, 29,6 шақырым 0,4 кВ кабель желсі, 423 дана 10/0,4 кВ қосалқы станция бар.
