Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Швейцария соңғы минутта Эквадорды шаң қаптырып кетті

Бүгiн, маусымның 15-нен 16-сына қараған түнi Бразилиядағы футбол әлем чемпионатының төртiншi күнiнде Швейцария мен Эквадор құрамалары кездестi.

Бұл ойында еуропалықтар ойынның соңғы минутында гол салып, 2:1 есебiмен жеңiске қол жеткiздi.

Алғашқы голды 23-минутта эквадорлық Энер Валенсия қақпаға енгiзген болатын. Дегенмен Швейцария кездесудiң 49-минутында Мехмедидiң голымен есептi теңестiре алды. Ал ойынның соғы секундтары қалғанда Сеферович Швейцариялықтарға маңызды үшінші ұпай алып бердi.

Айта кетейiк, бiрер уақыттан соң, сағат 01:00-де Франция құрамасы Гондураспен өзара кiм мықтыны анықтамақ. Оны «Еуразия» бiрiншi арнасы» арқылы көре аласыздар. Ал сағат 04:00-де Аргентина мен Босния және Герцеговина кездесуi өтедi. Матч «Қазақстан» мен KazSport телеарналарынан көрсетiледi.

 

БРАЗИЛИА — АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
206

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Швейцария соңғы минутта Эквадорды шаң қаптырып кетті - Yvision.kz