Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Мундиальда алғашқы тең ойын тiркелдi

Бүгiн Нигерия құрамасы Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатында Иран командасымен кездестi.

Бұл матчта қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпаларына көп шабуылдағанымен, белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзе алмады. Нигерия мен Иран құрамалары бiрде-бiр гол сала алмай, тең тарқасты. Бұл топта Аргентина үш ұпаймен көш бастап келедi. Нигерия мен Иран 1 ұпаймен екiншi орындарды бөлiсуде. Ал Босния және Герцеговина аргентиналық футболшылардан жеңiлiс тауып, бiрде-бiр ұпай жинаған жоқ.

Ендi бiрер уақыттан соң Астана уақытымен 04-00-де бүгiнгi күннiң соңғы матчы G тобындағы Гана мен АҚШ арасында өтедi. Кездесудi «Еуразия» Бiрiншi телеарнасынан» көре аласыздар.

АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
182

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Мундиальда алғашқы тең ойын тiркелдi - Yvision.kz