Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Бүгiн Месси бастаған Аргентина және тағы 5 құрама алғашқы ойындарын өткiзедi

Бүгiн, маусымның 15-нен 16-сына қараған түнi Бразилиядағы футбол әлем чемпионатының төртiншi күнiнде құрамалардың кезектi ойындары өтедi.

Астана уақыты бойынша, сағат 22:00-де Швейцария мен Эквадор командалары кездеседi. Бұл матчты «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсететiн болады.

Түн ауғанда сағат 01:00-де Франция құрамасы Гондураспен өзара кiм мықтыны анықтамақ. Көрсетiлiмiн «Еуразия» бiрiншi арнасы» жасайды. Сағат 04:00-де Аргентина мен Босния және Герцеговина кездесуi өтедi. Матчты «Қазақстан» мен KazSport телеарналарынан көре аласыздар.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
172

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Бүгiн Месси бастаған Аргентина және тағы 5 құрама алғашқы ойындарын өткiзедi - Yvision.kz