ӘЧ-2014: Ангела Меркель Германия құрамасын жеңiсiмен құттықтады
Германия канцлерi Ангела Меркель Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының бiрiншi матчындағы жеңiсiмен құттықтады.
Ойыннан кейiн ол бундестимнiң киiм ауыстыратын бөлмесiне бас сұқты. Айта кетейiк, «немiс машинасы» бүгiн Португалия құрамасын 4:0 есебiмен ойсырата ұтқан болатын.
Келесi ойынды Германия 20 маусым күнi Ганаға қарсы өткiзедi.
«Құттықтаймыз — турнир тамаша басталды», — деп жазды канцлердiң баспасөз хатшысы Штеффен Зайберт твиттер желiсiндегi оқырмандарға.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев 

АСТАНА. ҚазАқпарат

