Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде
2014 жылдың 25 ақпанында Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы, «Балықты» аң шаруашылығының аумағында бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралары барысында облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы мен аталған аң шаруашылығының өкілдері заңсыз аңшылықпен айналасқан Орал қаласының тұрғынын құрықтады.
