Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Браконьерлерді құрықтау туралы

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-40/

27 қараша күні «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары, табиғат қорғау және жол полициясы қызметкерлерінен құралған жедел топ киікке заңсыз жүргізілген аңшылық туралы ақпаратты тексеру барысында Құмкөлден Қызылорда қаласына қарай бара жатқан 2 автокөлікті тоқтатуға әрекет жасады. Ескертуге тоқтамай ізін суытқан автокөліктер біршама уақыттан кейін Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе елді мекеніндегі аулалардың бірінде орналасқан қорада тығылған жерден табылды.

Тексеру барысында «Тойота Ланд Крузер» маркалы 2 көліктің иелері анықталып, тексеру жұмыстары жүргізілді.  Нәтижесінде қора ішінен 12 калибрлі 174 дана оқ, қапқа салынған ет, қора төбесінен – 185 дана оқ пен 12 калибрлі мылтық табылды. Бір көлік ішінен 1 дана пышақ, 4 канистра, қолдан жасалған 1 қорап тікен (шип) табылды. Сонымен қатар салонның ішіде қан және киік терісінен түскен қыл қалдықтары табылды.

Жиналған материалдар мен айғақтар құқық қорғау органдарының жергілікті бөлімшелеріне тапсырылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

   
0
0
243

Осы тақырып бойынша

Браконьерлерді құрықтау туралы - Yvision.kz