Болашақ ұстаздарға лекция оқылды
Тараз мемлекеттік педагогикалық интитутының болашақ ұстаздарына "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның" негізгі бағыттарын, Елбасының халыққа арналған " Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты жолдауының басты мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру барысында кездесу өткізілді. Кездесуді Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Е.Тұмабеков өткізді.
