«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады?
Бағдарлама қатысушысы Қазақстан Республикасының кез келген азаматы бола алады, оның мақсаты мыналар болып табылады:
-
магистр дәрежесін, доктор, ғылым кандидаты дәрежесін алуға;
-
ғылыми тағылымдамадан өту.
Үміткерлерді іріктеу конкурстық негізде өтеді. 2013 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерін осы сілтеме бойынша қарай аласыз.
Құжаттарды қабылдау 2014 жылғы 3 наурыздан 31 қазанға дейін жүзеге асырылады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы бір рет тағайындалатынын ескеру маңызды.
«Болашақ» бағдарламасының аясында жыл сайын халықаралық стипендияны тағайындауға квота белгіленеді. Техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үміткерлер үшін, сондай-ақ ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер қатарынан шыққан үміткерлер үшін шет тілін білудің ең төменгі деңгейі төмендетілген.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша түсу тәртібі
I кезең. Түсу үшін санаттарды анықтау
«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында ҚР азаматтары мына бағдарламалар бойынша түсе алады: магистратура, резидентура, докторантура немесе тағылымдамадан өту.
Аталған білім бағдарламаларына түсуі мүмкін:
-
мемлекеттік қызметкерлер магистр дәрежесін алуға;
-
магистр дәрежесін алуға ғылыми немесе педагогикалық қызметкерлер;
-
қазақстандық жоо түлектері магистр дәрежесін алуға;
-
мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер магистр дәрежесін алуға;
-
бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері магистр дәрежесін алуға;
-
магистратураға, резидентураға, доктарантураға, тағылымдаға қз бетімен түскендер.
Әр санаттың белгілі бір талаптармен сипатталатынын атап өтеміз.
Егер сіз «Магистр дәрежесін алуға мемлекеттік қызметкерлер» санаты бойынша түссеңіз
Түсетіндерге талаптар:
-
· құжаттарды беру сәтінде мемлекеттік қызметтер болып табылу;
-
· мемлекеттік қызметте жалпы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес, соның ішінде соңғы 12 ай;
-
· бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл 5,00- ден (4,00/4,33 GPA ден 2,67) 4,00.
Егер сіз «Магистр дәрежесін алуға ғылыми немесе педагогикалық қызметкерлер» санаты бойынша түссеңіз
Түсетіндерге қойылатын талаптар:
-
· құжаттарды беру кезінде ғылыми немесе педагогикалық қызметкер болып табылу;
-
· ғылыми немесе педагогикалық жұмыстың жалпы өтілі 1 жылдан кем емес;
-
· бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл 5,00-ден (4,00/4,33 GPA ден 2,67) 4,00.
Егер сіз «Магистр дәрежесін алуға қазақстандық жоо түлектері» санаты бойынша түссеңіз
Түсетіндерге қойылатын талаптар:
-
· құжаттарды беру кезінде бітірген жоо ғылыми немесе педагогикалық қызметкері болып табылу;
-
· ағымдағы жылы ҚР жоо түлегі;
-
· жұмыс өтілі талап етілмейді;
-
· бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл 5,00 –ден (4,00/4,33 GPA ден 2,67) 4,00.
Егер сіз «Мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер магистрі дәрежесін алу» санаты бойынша түссеңіз
Түсетіндерге қойылатын талаптар:
-
· құжаттарды тапсыру сәтінде мәдениет, шығармашылық қызметкерлері болып табылатындарға;
-
· мәдениет ұйымдарындағы жалпы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
-
· бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл 5,00- ден (4,00/4,33 GPA ден 2,67) 4,00.
Егер сіз «Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері магистрінің дәрежесін алу» санаты бойынша түссеңіз
Түсетіндерге қойылатын талаптар:
-
· құжаттарды беру сәтінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкері болып табылу;
-
· бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жалпы жұмыс өтілі 1-жылдан кем емес;
-
· бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл 5,00-ден 4,00 (4,00/4,33 GPA ден 2,67).
Егер сіз «Магистратураға, резидентураға, докторантураға, тағылымдамаға өз бетімен түскендер» санаты бойынша түссеңіз
Оқуға түсетіндерге қойылатын талаптар:
-
· жалпы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес (магистратура, докторантура, резидентура бағдарламалары бойынша түсетіндер үшін) бұнда бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл 5,00 ден 4,50 (4,00/4,33 GPA ден 3,37);
-
· жалпы жұмыс өтілі 3-жылдан кем емес, соның ішінде ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық немесе медициналық қызметкер ретінде 12 айдан кем емес (тағылымдама бағдарламасы бойынша түсетіндер) бұндағы бакалавр/маман дипломының орташа балы ескерілмейді.
II кезең. Қажетті құжаттарды дайындау
Құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында жарияланады. Қабылдау мерзімдері алдын ала жарияланады, сондықтан сізде барлық құжаттаржы жинап, оларды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұсыну мүмкіндігі бар.
Оқуға түсетіндерге құжаттар пакетін дайындау қажет:
1) анкета;
2) негіздеме өтініш;
3) жұмыс орнын сақтау шартымен маманды дайындауға жұмыс берушінің өтініші (магистратураға түсетін түлектер үшін талап етілмейді);
4) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары және көшірмелері (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
5) дипломның нотариалды расталған көшірмесі (бакалавр немесе маман қосымшасымен);
6) медициналық анықтама 0-82/у;
7) зейнетақы қорынан көшірме;
8) егер бар болса, шет т бар болса, шет тілі бойынша емтиханды тапсыру туралы жарамды ресми сертификаттың көшірмесі;
9) егер бар болса, мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсыру туралы жарамды ресми сертификаттың көшірмесі.
сондай-ақ, санатына қарай жоғарыда сипатталған құжаттардың негізгі тізіміне мынадай құжаттарды қоса беру:
магистр дәрежесі бойынша түсетін жоо түлектері үшін:
-
жоо ғылыми кеңесінің нұсқауы.
резидентура бағдарламасы бойынша өз бетімен түсетіндер үшін:
-
жұмыс берушіден ұсыныс хат;
-
бағдарламаны, мамандықты және оқу кезеңін көрсетумен мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы бар академиялық оқуға шартсыз қабылдау туралы құжат (талап етілетінге дейінгі шет тілін білу деңгейін арттыру бойынша талаптар және қаржылық талаптарды қоспағанда).
докторантура бағдарламасы бойынша өз бетімен түсетіндер үшін:
-
жұмыс берушіден ұсыныс хат (немесе мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер қатарынан үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтаумен маманды дайындауға жұмыс берушінің өтінімі);
-
бағдарлама, мамандық және оқу кезеңін көрсетумен мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармамен академиялық оқуға шартсыз қабылдау туралы құжат (талап етілетінге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру бойынша талаптар және қаржы талаптарын қоспағанда);
-
осы деңгейді алу үшін шетелдік жоғары оқу орнымен белгіленген мерзімдерден аспайтын жеке жоғары оқу орны.
тағылымдамаға түсетіндер үшін:
-
тағылымдамадан өту мерзімдерін, мамандығын және құнын (есептеулерді көрсетумен) көрсетумен тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымнан шартсыз шақыруды растайтын құжат (талап етілетінге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру бойынша талаптар және қаржы талаптарын қоспағанда), мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармамен;
-
қабылдаушы және жіберуші тарап бекіткен және талаптарына сай құрастырылған тағылымдамадан өту бағдарламасы;
өздері түсетіндер үшін:
-
жұмыс берушіден ұсыныс хат; (өздері түсетіндер үшін);
-
мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармамен, бағдарлама, мамандық және оқу кезеңін көрсетумен академиялық оқуға шартсыз қабылдау туралы құжат (қаржы талаптарын қоспағанда).
Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша түскісі келетіндер қажетті құжаттарды Интернет арқылы да, «электрондық үкімет» порталындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметін пайдалану арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы жібере алады.
III кезең. Оқу үшін мамандық немесе оқу орнын таңдау
Оқу үшін мамандықты немесе оқу орнын таңдау үшін сізге мыналар қажет:
-
Стипендия тағайындалуы үшін басым мамандықтар тізімінде мамандықты табу, онда әр мамандыққа қарама-қарсы оң шеткі бағанда оқу мүмкін болатын, оқу елдері көрсетілген;
-
мамандықты және оқу елін анықтап, Жетекші жоғары оқу орындарының тізімінен оқу орнын таңдау.
IV кезең. Конкурстық іріктеуді жүргізу
Келесі кезең конкурстық іріктеуді жүргізу болып табылады. Конкурстық іріктеу 3 тен 8 айға дейін созылады және 3 турдан тұрады.
Бірінші тур үш кезеңнен тұрады:
-
мемлекеттік тілді білуге тестілеу,
-
шет тілін білуге тестілеу,
-
психологиялық тестілеу.
Алматы және Астана қаласында өткізілетін, шет тілін білуге тестілеуді қоспағанда барлық кезеңдер Астана қаласында өткізіледі. Конкурстық іріктеудің қалған 2 туры Астана қаласында өтеді. Әр үміткерді тестілеу күні туралы емтиханға дейін дербес хабардар етеді.
Шет тілін білуге тестілеуді шетелдік ұйымдар – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ серіктестері жүргізеді. Мемлекеттік тілді білуге тестілеуді ҚАЗТЕСТ жүйесі әзірлеген жүйенің көмегімен Білім және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы жүргізеді. Психологиялық тестілеуді «Тұлғаны дамыту орталығы» жүргізеді. Әр кезеңнен кейін 15 күн ішінде конкурстық іріктеуді жүргізуге жауапты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері нәтижелер туралы үміткерлерді хабардар етеді.
Бірінші турдан ойдағыдай өткен үміткерлер екінші турға қатысуға жіберіледі, олар тәуелсіз сараптау комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасу жолымен өткізіледі. Тәуелсіз сараптау комиссиясымен сұхбаттасқаннан кейін үміткерлердің материалдары шетелде кадрларды дайындау бойынша Республикалық комиссияның қарастыруы үшін 3-турға жіберіледі, ол түпкілікті шешімді шығарады. 10 күн ішінде Комиссия отырысының хаттамасы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ келіп түседі және осындан кейін 1 күн өткен соң конкурс жеңімпаздарының тізімі ресми сайттажарияланады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болдыңыз»
Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдаған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде стипендия иегері оқуға шартты жасайды. Шарт оқуды ұйымдастыру/тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру бойынша барлық шығындарды төлеумен байланысты ақшаны аудару үшін негіз болып табылады.
Стипендиаттың міндеттеріне мыналар кіреді:
-
барлық шарт міндеттемелерін орындау;
-
елге келгеннен кейін консулдық есепке тұру;
-
байланыстарды ұсыну/жаңарту (мекенжайы, телефон) және мәліметтер өзгерген жағдайда он күн ішінде кураторды хабардар ету;
-
ЖОО медициналық сақтандыруын рәсімдеу;
-
куратор сұратқан ақпаратты және құжаттарды уақытылы ұсыну.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтасаңыз, әрі қарай не істеу керек…
Стипендиаттың жұмысты аяқтауы туралы
Оқу аяқталғаннан кейін стипендиат оқу аяқталған сәттен бастап 5 жыл жұмыс істеу үшін Қазақстанға қайтуға міндетті. Бұдан басқа, келуі бойынша стипендиат өзінің кураторына ұсынуы тиіс:
1) оқуды аяқтау туралы өтініш;
2) нотариалды расталған және мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған диплом және транскрипт.
Жұмысқа орналасқаннан кейін жұмысқа тұрғанын растау үшін стипендиат әр 6 ай сайын жұмысты атқару бойынша міндеттемелерді орындауды растау үшін өзекті ақпаратты, сондай-ақ байланыс ақпаратын (тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық мекенжай) ұсынуға міндетті. 5 жыл жұмыс істеу жұмысқа орналасқан уақыттан бастап есептеледі. Есеп жұмыс орнынан анықтама түрінде немесе «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу аяқталғаннан кейін еңбек қызметінің басталу күнін, сіз атқаратын лауазымды растайтын басқа да құжаттар түрінде ұсынылады. Анықтамалар тиісті атрибуттар болғанда қабылданады (анықтаманы тіркеу күні, тіркеу нөмірі, уәкілетті адамның қолы және мөрі).
Стипендиаттың мерзімін ұзарту туралы
Егер сізге оқуды шетелде жалғастыру қажет болса, онда 2011 жылғы 11 мамырдағы Шетелде кадрларды дайындау бойынша республикалық комиссияның № 03–5.4 хаттамалық шешіміне сәйкес стипендиатқа шетелде оқуын жалғастыруы үшін мерзімі ұзартылады.
Мерзімін ұзартуды алу үшін стипендиат мынадай құжаттарды ұсынады:
1) шарт міндеттемелерін орындаудың мерзімін ұсыну бойынша Қоғам президентінің атына өтініш (форма қоса беріледі);
2) оқудың басталу және аяқталу күнін көрсетумен оқу орнынан шақырту-хат;
3) жұмыс берушіден (ықтимал) ұсыныс хат, оған сәйкес жұмыс беруші (қайтадан) оның оқуын аяқтау бойынша жұмысқа алуға міндеттенеді;
4) Министрліктің түлектің әрі қарай шетелде оқуына қарсылық білдірмейтіні туралы/әрі қарай оқуына өз келісімін беретіні туралы оған жетекшілік ететін уәкілетті мемлекеттік органның (Министрліктің) сұраныс-хаты.
Стипендиаттан ауыртпалықты алу туралы
Егер 5 жыл жұмыс істеп өтеу мерзімі жақындаса, сізге өтелген күндерді арнайы калькулятор көмегімен есептеу қажет.
5 жылдық өтеудің жиынтық кезеңі Республика аумағында мамандық бойынша 1825 күнді құрағанда, сіз ауыртпалықты алуға өтініш бере аласыз.
Ауыртпалықты алуға өтініш 5 жылдық өңдеу бойынша басып шығарылған міндетті есептеумен және құжаттардың толық пакетімен қабылданады, оны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері тексереді.
Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықты алу рәсімін бастау үшін сізге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мынадай құжаттар ұсыну қажет:
1) Орталық Президентінің атына өтініш;
2) «Болашақ» бағдарламасының аясында алынған дипломның нотариалды расталған көшірмесі;
3) еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі;
5) ҚР аумағындағы 5 жылдық мерзімдегі жұмыс үшін кепілдік мүлікке ауыртпалықтар туралы анықтама (форма № 2);
6) жеке куәліктің көшірмесі;
7) кепіл шартының көшірмесі;
8) Оқу шартының көшірмесі;
9) 5 жылдық жұмыс істеуді есептеу.
