«Болашаққа парасыз. Бірге!» мобильдік тобы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында №6636 әскери бөлімінің қызметкерлерімен және «Басқару колледжі» ЖШС студенттерімен кездесті
А.ж. 23 мамырында мобильдік топпен №6636 әскери бөлімінің қызметкерлерімен және «Басқару колледжі» ЖШС студенттерімен кездесу өткізілді.
Мобильдік топ құрамында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры - Даулеткерей Рахметуллин, Альянс блогерлер өкілі Арыстанғали Сансызбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің тергеуші - Аділет Исахметов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы – Асқар Рахматулин.
Кездесу барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жадынамалар таратылды.
