«Болашаққа парасыз. Бірге» акциясы шеңберінде мобильдік топ ЖЭО-1 ұжымына барып қайтты
Ағымдағы жылдың 30 мамыры күні мобильдік топ Астаналық ЖЭО-1 негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Мобильдік топтың спикерлері кездесу қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғарылату және қоғамда қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді.
Іс-шара барысында мобильдік топ мүшелерімен активті диалог жүргізіліп, ұжымды қызықтырушы сұрақтарға жауаптар берілді .
