Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БОКС: АРВ жобасының алғашқы чемпиондары анықталды

Германиялық боксшы Эрик Пфайфер АРВ жобасының ең алғашқы чемпионы атанды. Ол Баку қаласында өткен финалдық жекпе-жекте мароккалық Мохаммед Арджонды айқын басымдықпен жеңді.

Қазақстан Бокс федерациясының хабарлауынша, Баку қаласында өткен ақтық сында германиялық боксшы Эрик Пфайфер мен Мохаммед Арджонның арасындағы кездесу 3:0 (78:74, 78:74, 77:74) есебімен аяқталған.

Сонымен қатар, Түркияның Стамбул қаласында өткен финалда жергілікті былғары қолғап шебері Адем Киличчи (75 келі) ресейлік Артем Чебатаревті 3:0 (80:72, 78:74, 79:73) есебімен жеңсе, 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жергілікті боксшы Онур Сипал кениялық Рэйтон Оквириді де 3:0 (78:74, 78.74, 77:75) есебімен тізе бүктіріп, чемпион атанды.

   
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Автор: Жаппарберген Айбота
 
0
0
238

Осы тақырып бойынша

БОКС: АРВ жобасының алғашқы чемпиондары анықталды - Yvision.kz