Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біздің ортақ мақсат – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру

«Есіктен – есікке» акциясы аясында Созақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айтбаев Алмас Тасты ауылдық округінің тұрғындармен кездесу өткізді. Ауыл тұрғындарын «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат жұмыстарымен таныстырып, өңірлік бағдарламадағы халықтың әл-ауқатын, еліміздің экономикасын көтеруге арналған негізгі бағыттарын атап өтті. Елді мекен тұрғындары бүгінгі таңда ауқымды жұмыстар жүргізілгенін жеткізіп, өз сауалдырын қойды. "Nur Otan" партиясы халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында ұзақ жылдар бойы жүйелі жұмыстар атқаруда. Мұнымен тоқтап қалмай, алдағы бес жылға жоспарланған бағыттарды іске асыратындығын жеткізді. Сайлаушыларды 10 қаңтар күні сайлаудан шет қалмай, дауыс беруге шақырды. Себебі әр адамның дауысы "Nur Otan" үшін маңызды.

Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!

#nurotan

#tanday2021

#nurotanmenbirge

#язануротан

0
0
109

Осы тақырып бойынша

Біздің ортақ мақсат – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру - Yvision.kz